2023 жылғы 17 қаңтарда Анкара қаласында Түркі академия президенті Шаһин Мустафаев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) басшысы Серкан Каялармен кездесті.
Академия басшысы ТИКА ұйымымен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге және ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде С.Каялар ТИКА-ның қызметі туралы ақпарат беріп, түркі әлемінде жүзеге асырылған және жоспарланып отырған жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, ТИКА басшысы Академиямен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытып, бірлескен бастамаларға қолдау көрсетуге уағдаласты.
Айта кету керек, Академия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесіннің отырысына қатысу үшін Түркия Республикасына ресми іссапармен барды.