Түркі академиясының президенті TÜBİTAK басшысымен кездесті

2023-01-20 11:59:38 19

18 қаңтарда  Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия ғылыми-технологиялық зерттеу ұйымының (TÜBİTAK) басшысы Хасан Мандалмен кездесті.

Кездесуде түркі әлемінде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық орнату туралы сөз болды. Сондай-ақ түркі елдеріндегі жаратылыстану ғылымдарды дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ш. Мустафаев Академия мен TÜBİTAK арасындағы әріптестік байланыстардың маңыздылығына тоқталып, осы орайда Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының зор әлеуетін атап өтті.

Өз кезегінде TÜBİTAK басшысы Х. Мандал Түркі академиясының ғылыми жобаларына қызығушылық танытанынын және осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.