Ыстанбұлда Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының үйлестіру комитетінің 3-ші отырысы өтті

2023-01-20 22:47:28 36

20 қаңтарда Ыстанбұл қаласында Түркі мемлекеттер ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевтің төрағалығымен Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының үйлестіру комитетінің 3-ші отырысы өтті.

Басқосуға Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раевтың, Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Мехмет Сурея Ер және Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Гүлнай Эфендиева қатысты.

Отырыста ұйым басшылары өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстары жөнінде ақпарат алмасып, ТМҰ 9-шы саммитінде мемлекет басшыларының шешімдері мен тапсырмаларының іске асырылу барысын талқылады.

Жиын соңында "Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары"  қабылданды.