Академиясының президенті IRCICA Бас директорымен кездесті

2023-01-24 11:36:42 28

20 қаңтарда Түркия сапары аясында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығының (IRCICA) Бас директоры Махмуд Ерол Кылычпен кездесті.

Кездесуде тараптар Түркі академиясы мен IRCICA арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, түрік әлемі мен ислам өркениетінің ортақ құндылықтарын зерттеу және насихаттау жөнінде пікір алмасты.

Академия басшысы түркі халықтарының ислам мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, Түркі академиясының осы бағыттағы зерттеу жұмыстарды жүргізуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде профессор Махмуд Ерол Кылыч бұл бастамаға қолдау білдіріп, IRCICA кітапханасындағы сақталған қолжазбалар қорларын пайдалану мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Айта кету керек, Халықаралық Түркі академиясы мен IRCICA арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. 2017 жылы Түркі академиясы

және IRCICA бірлесіп Астана қаласында өткен Ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ жанындағы Ғылыми техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бірінші саммиті аясында «Жібек Жолы бойындағы ислам каллиграфиясы» атты халықаралық көрме ұйымдастырған болатын.