Академия президенті Қырғызстанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

2023-01-24 22:00:00 23

24 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар түркі елдері ынтымақтастығы аясында өзара байланыстарды одан дамыту жолдарын талқылап, бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Ш. Мустафаев Академияның биылғы жоспарларымен бөлісіп, 2023 жылдың наурыз айында Бішкек қаласында өтетін Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысының дайындық барысы жөнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде Елші Дастан Дюшекеев ізеттілік жолығуға келген Академия басшысына алғыс айтып, ұйымның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.