2023 жылдың 6 наурыз күні Ташкентте сапары аясында Түркі академиясы президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасының Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы президенті Бехзод Юлдашевпен кездесті. Кездесуде сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті және Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының директоры Бахром Абдухалимов қатысты.
Тараптар ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда Түркі әлемі Ұлттық академиялар одағының қызметін жандандыру мақсатында ортақ іс-шаралар ұйымдастыру тақырыбы қарастырылды. Сонымен қатар, 2023 жылы Бирунидің 1050 жылдық мерейтойына орай, тараптар Өзбекстанда халықаралық конференция ұйымдастыруға келісті.
Кездесу соңында Түркі академиясы мен Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.