Түркі академиясы мен Өзбекстанның Тарих институты ынтымақтастығы тереңдей түседі

2023-03-09 15:56:55 12

2023 жылдың 6 наурыз күні Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институты директоры Азамат Зиемен кездесті. 
Кездесуде Ш. Мустафаев Академияның қызметі туралы мәлімет беріп, Түркі академиясы мен Тарих институты арасында ортақ жобаларды  бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. 
Өз  кезегінде А. Зие Тарих институтының соңғы жылдарда жүзеге асырып жатқан ғылыми зерттеулерін таныстырды.
Институт директоры Түркі академиясының бастамаларын қолдайтынын білдіріп, ынтымақтастық құруға дайын екенін жеткізді.
Осы орайда, Түркі академиясы мен Өзбекстан Тарих институты арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.