Академия президенті Өзбекстан Ұлттық археология орталығының директорымен кездесті

2023-03-09 17:14:14 11

7 наурыз күні Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ұлттық археология орталығының директоры Фархад Максудовпен кездесті.

Кездесуде тараптар археологиялық зерттеулер саласындағы өзара әрістестік байланыстардың әлеуеті, материалдық және материалдық емес мәдени мұра, сондай-ақ археология салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру жайын талқылады.

Академия басшысы Түркі халықтарының археологиялық ескерткіштері мен мәдени мұраларын зерделеу мақсатында Орталықпен ынтымақтастықты нығайта түсуге ниетті екенін айтып, Орталық мамандарын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

Өз кезегінде М. Максудов Ш. Мустафаевты Археология институтының соңғы жылдардағы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Кездесу нәтижесінде тараптар ғылыми ұйымдардың арасында өзара тығыз әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты және ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Меморандумға қол қойды.