2023 жылдың 8 наурыз күні Өзбекстандағы ресми сапар аясында Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Самарқанд қаласында орналасқан Халықаралық Орталық Азияны зерттеу институтының (IICAS) директоры Дмитрий Воякинмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ұйымдар арасындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Ш. Мустафаев Академияның атқарған жұмыстарына тоқталып, ұйымның қолға алған жаңа жобалары жөнінде туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Д. Воякин Түркі академиясының бастамаларына қызуғышылық танытып, бірлескен жобаларды жүзеге дайын екенін жеткізді.
Кездесу нәтижесінде тараптар ғылыми ұйымдардың арасында өзара тығыз әріптестік байланыс орнату мақсатында ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.