2023 жылдың 8 наурыз күні Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасы Мәдени мұра агенттігінің Яхё Гулямов атындағы Самарқанд археология институты директоры Муминхон Саидовпен кездесті.
Кездесуде тараптар археологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық пен ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Ш. Мустафаев Институт мамандарын ғылыми ынтымақтастық аясында түркі әлеміне қатысты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
М. Саидов Археология институтының соңғы жылдарда атқарған жұмыстарын таныстырып, Академияның президентінің ұсыныстарын қолдайтынын айтты.
Кездесу соңында тараптар ғылыми ұйымдардың арасында өзара тығыз әріптестік байланыс орнату мақсатында ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.