9 наурызда Өзбекстандағы іссапар барысында Түркі академиясы президенті Шаһин Мустафаев Нүкіс қаласына барып, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Қарақалпақстан филиалы Қарақалпақстан гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты директоры Максет Қарлыбаевпен кездесті.
Кездесуде тараптар Академия мен Институт арасында тығыз ғылыми байланыс орнату жолдарын талқылады.
Түркі академиясы басшысы ұйым жобалары қарақалпақстандық ғалымдардың қатысуға болатын жеткізді.
Өз кезегінде М. Қарлыбаев Ш. Мустафаевқа арнайы сапары үшін ризашылығын білдіріп, Академиямен әріптестік орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу соңында Түркі академиясы мен Қарақалпақстан гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Айта кету керек Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты 2012 жылы Н. Давкараев атындағы Тіл және әдебиет институты мен Тарих, археология және этнография институтының негізінде құрылды.
Оның негізгі мақсаты-оңтүстік Арал өңірі халықтары мен Қарақалпақстанның тарихы, тілі, әдебиеті мен фольклорын зерттеу болып табылады.