Анкарада 16 наурызда Әзербайжан Республикасының бастамасымен Түркі мемлекеттері Ұйымының "Табиғи апаттар - төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек" мәселелеріне арналған кезектен тыс саммиті өтті.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған ұйымдастырған және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан халқының Ұлттық көшбасшысы және Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті, Эрсин Татар, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев қатысты.
Сонымен қатар, алқалы басқосуға Бинали Йылдырым бастаған ТМҰ ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреев, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева қатысты.
Саммитке қатысушылар Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында болған зілзала кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.
Төтенше жағдайлар кезінде бауырлас елдер арасында өзара гуманитарлық көмек алмасу, табиғи апат салдарларын жоюға көмек көрсету мәселелеріне арналған Саммит ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі күн тәртібін талқылауға арналған жоғары деңгейлі платформаға айналды.
Басқосуда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің апаттан кейін Түркияға жедел түрде іздеу-құтқару топтарын және гуманитарлық көмек жіберу арқылы көрсеткен зор қолдауы мен ынтымақтастығы ризашылықпен атап өтілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары апаттан кейін аталған мемлекеттерден келген зілзала зардаптарын жою топтары жүргізген іздеу-құтқару жұмыстарына жоғары баға берді.
ТМҰ мемлекеттері басшылары жер сілкінісінен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына да Түркия Республикасының үкіметімен ынтымақтастықта қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді.
Тараптар ықтимал зілзалалар мен төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылды тиімді, үйлестірілген және уақтылы ұйымдастыру мақсатында табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Осыған байланысты тиісті органдарға Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне ТМҰ-ның Азаматтық қорғаныс тетіктерін құру туралы келісім жасауды тапсырды.
Саммит соңында ТМҰ мемлекет басшылары Анкара декларациясына қол қойды.
Анкарада 16 наурызда Әзербайжан Республикасының бастамасымен Түркі мемлекеттері Ұйымының "Табиғи апаттар - төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек" мәселелеріне арналған кезектен тыс саммиті өтті.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған ұйымдастырған және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан халқының Ұлттық көшбасшысы және Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті, Эрсин Татар, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысты.
Сонымен қатар, алқалы басқосуға Бинали Йылдырым бастаған ТМҰ ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева қатысты.
Саммитке қатысушылар Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында болған зілзала кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.
Төтенше жағдайлар кезінде бауырлас елдер арасында өзара гуманитарлық көмек алмасу, табиғи апат салдарларын жоюға көмек көрсету мәселелеріне арналған Саммит ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі күн тәртібін талқылауға арналған жоғары деңгейлі платформаға айналды.
Басқосуда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің апаттан кейін Түркияға жедел түрде іздеу-құтқару топтарын және гуманитарлық көмек жіберу арқылы көрсеткен зор қолдауы мен ынтымақтастығы ризашылықпен атап өтілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары апаттан кейін аталған мемлекеттерден келген зілзала зардаптарын жою топтары жүргізген іздеу-құтқару жұмыстарына жоғары баға берді.
ТМҰ мемлекеттері басшылары жер сілкінісінен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына да Түркия Республикасының үкіметімен ынтымақтастықта қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді.
Тараптар ықтимал зілзалалар мен төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылды тиімді, үйлестірілген және уақтылы ұйымдастыру мақсатында табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Осыған байланысты тиісті органдарға Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне ТМҰ-ның Азаматтық қорғаныс тетіктерін құру туралы келісімді жеделдетуді тапсырды.
Саммит соңында ТМҰ мемлекет басшылары Анкара декларациясына қол қойды.