Академия президенті Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті

2023-03-30 01:00:28 50

2023 жылғы 29 наурызда Бішкекте Түркі академиясының президенті Шаин Мустафаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.

Кездесу барысында Түркі академиясы мен Қырғыз Республикасының ғылыми ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылының жалпы мәселелері, Академияның ағымдағы қызметі, сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Ш. Мустафаев Министрге 28 наурызда Түркі Академиясының Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Бішкекте өткізген Академия Ғылыми кеңесінің 6-шы отырысының нәтижелері туралы баяндап берді. Сонымен қатар, ол Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары, болашақта жоспарланған түркі тарихы мен мәдениетіне арналған іс-шаралар, сондай-ақ ұйымның ғылыми жобаларымен таныстырды.

Өз кезегінде Ж.Кулубаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық үдерістерді дамытуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Әсіресе жастардың сапалы заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, ал педагогтар мен ғалымдар үшін-ғылыми байланыстарды дамытып, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсету керектігін айтты.

Кездесу соңында тараптар өзара әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдете беруге бағытталған жұмыстардың жалғасын таба беретінін жеткізді.