Түркі академиясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әріптестік байланыстарды нығайтуға уағдаласты

2023-04-03 11:00:57 68

2023 жылдың 1 сәуір күні Түркі академиясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаласты. 
Ынтымақтастық туралы меморандумға Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова қол қойды.


Аталған ынтымақтастық аясында Қызылорда облысының аумағындағы Жанкент қалашығының археологиялық ескерткішін бірлесіп зерделеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары процесінде алынған материалдарды ғылыми айналымға енгізу секілді жұмыстар жүргізілетін болады.


Кездесуде сөз алған Академия вице-президенті ұйым басшысы Шаин Мустафаевтың сәлемін жеткізіп, Университетпен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының табысты нәтижелерге қол жеткізетінін сенім білдірді.