Академия президенті  ЮНЕСКО «Жібек жолы» бағдарламасының 35 жылдығына арналған конференцияға қатысты

2023-04-08 12:48:35 48

2023 жылдың 6 сәуірінде Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Жібек жолы» бағдарламасының 35 жылдығына арналған конференцияға қатысты.
Әзербайжан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Оманның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдіктері бірлесіп ұйымдастырған конференция осы елдердің Жібек жолы мұрасын көрсетуге арналды.
Шара аясында көрме ұйымдастырылып, оған қатысушы елдердің мәдени мұраларының үлгілері қойылды.
Халықаралық Жібек жолы форумының ашылуына ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Габриэла Рамос, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Саадат Юсифова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Қытай Білім министрінің орынбасары Чен Цзе, Моңғолия Білім және ғылым министрлігінің өкілі Батогтох Доржготов, Оманның мұра және туризм министрлігі Муати әл-Муати, сондай-ақ басқа да ресми тұлғалар, белгілі халықаралық сарапшылар мен ЮНЕСКО өкілдері қатысты.


Академия президенті өз сөзінде тарихта Еуразия құрлығының қақ ортасында пайда болып, өркениеттер тоғысында орналасқан түркі әлемінің түрлі бағытта өтетін сауда жолдарына өз әсерін тигізіп, сондай-ақ Ұлы Жібектің ықпалында болғанын атап өтті.
Осы орайда Ш.Мұстафаев Түркі академиясының Жібек жолын ғылыми тұрғыдан зерттеудегі орасан зор мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.
«Бүгінде тәуелсіз түркі мемлекеттерінің халықаралық саясат субъектілері ретінде пайда болуы және Жібек жолының Шығыс-Батыс бағытында қайта жандануы түркі әлемі үшін маңызды мүмкіндіктер ашады.
2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия елдері құрған және штаб-пәтері Астанада орналасқан Түркі академиясы ұйымы түркі өркениетін зерттеу және насихаттау жұмыстарымен айналысады. Осы орайда, мен Академия президенті ретінде түркі өркениетін зерттеу Ұлы Жібек жолына қатысты жүргізілуі керек деп есептеймін. Түркі тарихы Ұлы Жібек жолы феноменімен тығыз байланысты екені даусыз. Осы тұрғыда Түркі академиясының мақсаттары ЮНЕСКО-ның Жібек жолы бағдарламасының мақсаттарымен тоғысады. Жақында, 2023 жылдың наурыз айының басында менің Өзбекстанға сапарым барысында Түркі академиясы мен Халықаралық Орталық Азияны зерттеу институтының (IICAS) бірлескен зерттеулер туралы Меморандумға қол қойды.
Ұлы Жібек жолын зерттеу тек өткен кезеңдегі мәдениетаралық диалог тарихының мәселесі ғана емес. Сонымен қатар, ол тарихи Жібек жолына қатысты адамзат өркениетінің тәжірибесі мәдениеттер мен өркениеттердің болашақ өзара әрекеттесуінің келешегін айшықтай алатынына сенімдімін», - деді Академия басшысы өз сөзінде.
Айта кету керек, 1988 жылы басталған ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» бағдарламасы Шығыс пен Батыс халықтарының мәдени байланыстарын зерттеп, дамытуды көздейді.