Академия президенті Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

2023-04-20 00:08:46 47

2023 жылдың 19 cәуірде Түркі Академиясы президенті Шаһин Мустафаевтың Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхүүмен кездесуі өтті.


Кездесу барысында Академия басшысы Елші Д. Баярхүүге ұйымның археологиялық қазбалар және алтайтану, түркология, Алтын орда тарихына қатысты жүзеге асырып жатқан жұмыстарын таныстырып, Моңғолия тарапының бірлескен ғылыми жобаларға көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді.  


Сондай-ақ, тараптар Моңғолия аумағындағы көне түркі кешендеріне археологиялық экспедицияларды жалғастыруға уағдаласты.
Ш. Мустафаев жақында Алматы қаласында өткен Түркі әлемі Ғылым академиялары одағының VI отырысына алғаш рет құрметті қонақ ретінде Моңғолия Ғылым академиясының басшылығының қатысқанын атап өтіп,  бұл оқиғаның Моңғолия ғалыми қауымдастығы тарапынан Түркі академиясының жұмысына деген құрметі деп бағалайтынын айтты.


Өз кезегінде Елші Д. Баярхүү Моңғолияның ғылыми ынтымақтастықты тереңдетіп, ортақ жобалар бойынша жұмыстарды жалғастыра беруге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Осы орайда тараптар Моңғолияның Түркі академиясымен тығыз  әріптестік орнатып, бақылаушы ел мәртебесін иелену мүмкіндері жөнінде пікірлесті.