Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

2023-05-17 19:16:14 39

Бүгін Түркі Академиясына мүше мемлекет – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні. Түркі дүниесінің ынтымақтастығын нығайтуға зор қолдау көрсетіп келе жатқан қайраткер тұлға 70 жасқа толып отыр.

Осы орайлы сәтте, Түркі Академиясының басшылығы мен ұжымы Қасым-Жомарт Кемелұлын мерейлі жасымен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін арнайды. Мемлекет басшысына зор денсаулық және бауырлас Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы қызметіне толайым табыстар тілейміз!