Бүгін Халықаралық Музейлер күні аталып өтуде

2023-05-18 15:54:07 19

Бүгін, 18 мамыр – әлем жұртшылығы Халықаралық Музейлер күнін атап өтуде. 1977 жылы ICOM (Халықаралық Музейлер кеңесі) шешімімен белгіленген бұл күнді мерекелеуге бүгінде 140-тан астам мемлекет қатысады.

Музейлер адамзат тарихының шырақшысы, бағзыдан жеткен мұралардың сақтаушысы. Сондықтан музейлердің тереңнен тамыр тартқан тарихын түгендеп келе жатқан түркі халықтары үшін маңызы зор.

Айта кету керек, Түркі академиясы жанындағы Түркі тарихы музейінде тамырлас туыс халықтардың көптеген тарихи-мәдени жәдігерлері сақтаулы тұр. Олардың ішінде көне дәуірлерге жататын археология (б.з.д. IV-III мыңжылдықтар) және этнография (XIX ғ.) эспонаттары бар. Сонымен қатар, Түркі академиясы жыл сайын жүргізілетін архелогиялық қазба жұмыстары нәтижесінде көне мұралар қатарын толықтырып келеді.

Бүгінгі орайлы сәтте бауырлас елдердегі барша музей ұжымдарын шын жүректен құттықтап, еңбектеріне толайым табыс тілейміз.

Халықаралық Музейлер күні құтты болсын!