Бүгін, 18 мамыр күні Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев белгілі түркітанушы, Мұстафа Шоқайды зерттеуші ғалым Әбдіуақап Қараны қабылдады.
Түркі академиясына арнайы келген ғалым алдымен Түркі академиясы жанындағы Түркі тарихы музейін аралап, Түркология кітапханасы жұмысымен танысты.
Өз кезегінде Академия басшысы Ш.Мустафаев мейманға жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап берді. Сонымен қатар, Түркі академиясының жобаларына ғалымдардың қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді.
Бүгінде Ыстамбұл қаласында еңбек ететін доктор, профессор Әбдіуақап Қара Академия басшысына өзінің ғылыми жұмыстарын таныстырып, жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді.