2023 жылдың 28 тамызында Түркия Республикасына іссапармен барған Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түрік тілі қоғамының төрағасы Осман Мертпен кездесті. Сонымен қатар кездесуге Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті Иса Габбибейли де қатысты.
Кездесуде тараптар ұйымдар арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, бірлесіп атқаратын жобаларды талқылады. Атап айтқанда түркі әлеміндегі әліпби және терминология мәселелері жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сөз болып, лингвистика саласындағы маңызды бағыттары бойынша ойларымен бөлісті.