2023 жылдың 29 тамызында Анкарада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түрік тарихы қоғамының төрағасы Юксел Өзгенмен кездесті.
Екі жақты кездесуде ұйымдар арасындағы тұрақты әріптестікті одан әрі нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Ш. Мұстафаев Академияның қазіргі таңда жүзеге асырып жатқан жұмыстары туралы кеңінен мәлімет беріп, түркі халықтарының тарихын зерттеу бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде Ю. Өзген ғылыми ынтымақтастық аясында Түркі Академиясының бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында Ш. Мұстафаев Түрік тарихы қоғамының төрағасына Академия тарапынан әзірленген «Түркі әлемі» тарихи-мәдени атласын тарту етті.