Академия президенті Түркі Ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасарымен кездесті

2019-06-08 18:06:28 31
  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі Ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Гисмат Гозаловпен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтылды. Екі жақты пікір алмасу барысында ортақ тарих пен мәдениетті бірігіп зерттеу мен насихаттау жолдары қаралды.