Академия президенті Дархан Қыдырәлі Корей Республикасының Еуразия түркология зерттеулер институтының директоры О Ын Гёнды қабылдады

2019-06-19 15:21:49 31
  Кездесу барысында  екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып,  бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізудің жолдары қаралды. Атап айтқанда: түркі-корей тілдік  байланыстарын зерделеу жобасы негізінде ортақ ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, жазба ескерткіштер мен тарихи құжаттарды анықтау және тасмүсіндер, артефактілер және ежелгі карталарды зерттеу  жолдары  талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Түркі Академиясы мен   Еуразия түркология зерттеулер институты арасында  меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Академия президенті Дархан Қыдырәлі О Ын Гён ханымға академия шығарған кітаптарды сыйға тартты. Өз кезегінде  Еуразия түркология зерттеулер институтының директоры Халықаралық Түркі академиясымен әріптестікке ерекше мән беретінін атап өтті.