ҰҚШҰ Орта Азияда көп айлық әскери жаттығулар бастады

2021-08-03 13:00:16 0
1 тамызда ҰҚШҰ Орталық Азиядағы әскерлері көп айлық әскери маневрлер циклын бастады. Бұл туралы Ховар ақпараттық агенттігі хабарлады. АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы Орталық Азия елдерінің аумағына террористік топтардың енуі мен олар арқылы террористік құрылымдардың транзиті қаупін тудырып отыр. Осыған байланысты жаңа қауіптерге қарсы тұру үшін ҰҚШҰ Ауғанстанмен шекарада әскери маневрлер жүргізуде. 22 шілдеде Тәжікстанда Ресей әскерлерінің қатысуымен «Шекара-2021» оқу-жаттығуы өткен болатын. Бұған қоса, 5-10 тамыз аралығында Тәжікстанда Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің қарусыз террористік құралымдардың шағын топтарына қарсы іс-қимыл жасау бойынша жаттығулары жоспарланған. Жаттығулар күзде қайталанатын болады. Сонымен қатар, қыркүйекте Ресейдің Орынбор облысында ШЫҰ елдерінің қатысуымен «Бейбіт миссия-2021» оқу-жаттығуы өтеді. Өз кезегінде Өзбекстан Ауғанстанмен шекараға әскери техникаларын жіберуге дайын. Ресей Иваново мен Ульяновскідегі әскери бөлімдерін аталған аумаққа көшіреді. Сонымен қатар, әскерге пилотсыз ұшақтар мен шағын қарулы топтарды анықтауға және жоюға арналған жабдықтар, қару-жарақтар жеткізеді. Қазақстан мен Беларусь тиісінше Ауғанстан шекарасына аэромобильді және мобильді бригадаларды орналастырады. Ресей Федерациясының оңтүстік шекарасы мен Қырғызстанда орналасқан Ресейдің Орталық әскери округінің әскерлері Орталық Азиядағы әскерлерге жедел әрекет етуге және көмек көрсетуге дайындалып жатыр. Тәжікстанда орналасқан ресейлік 201-ші дивизияның нұсқаушылары тәжік әскерін дайындайды.