Өзбекстан Әзербайжанмен көлік жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастыққа дайын

2021-08-04 13:55:22 0
Өзбекстан Әзербайжанмен азат етілген аумақтарында көлік жобаларын іске асыруда ынтымақтастықты қарауға дайын. Бұл туралы "Trend" агенттігіне Өзбекстанның көлік министрлігіндегі көлік дәліздерін дамыту, логистика және транзит басқармасының бастығы Бекзод Холматов айтты. "Егер мұндай өтініш Әзербайжан тарапынан түссе, біз оны қарастыруға дайынбыз", — деді ол. Айта кету керек, Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық әр түрлі бағытта дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы халықаралық көлік тасымалы саласында екі елдің тасымалдаушыларын жол ақысынан босатуды қарастыратын жаңа үкіметаралық келісімнің жобасы әзірленуде. Статистикаға сәйкес, 2020 жылы пандемияға қарамастан, Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы жүк тасымалы алты пайызға өсті. Сонымен қатар, елдер арасындағы теміржол жүк тасымалы 2020 жылы 30 пайызға өсіп, Өзбекстан аумағы арқылы әзірбайжан тауарларының транзиті екі есеге артқан.