Дая-Хатын ‒ Ұлы Жібек жолындағы Түрікменстанның ең маңызды ескерткіші

2021-08-04 15:49:56 220
Дая-Хатын ортағасырлық керуен сарайының қирандылары Түрікменабат қаласынан (Түрікменстан) 170 км қашықтықта орналасқан. Ол Әмудария өзенінің сол жағалауында Амулдан (қазіргі Түрікменабат) Хорезмге апаратын ескі жолдың бойында орналасқан. XI-XII ғасырлар аралығындағы тұрғызылған сәулет ескерткіші. Бекініс ‒ жоспарда 112 × 125 метрлік аумақты алып жатқан тік бұрышты құрылыс. Оның бұрыштарында бір кездері мұнаралар болған. Шығыс жақ бетінде кіреберіс қақпасы орналасқан. Ғимараттың ішінде террассалармен қоршалған үлкен ауласы бар, өлшемі 53×53  метрді құрайтын керуен  сарай орны бар. Ғимарат сазды балшықтан тұрғызылып, ішкі және сыртқы жағынан күйдірілген Ескерткіштің жергілікті атауы - Байхатын. Аңыз бойынша, бір бай  досының жаласына сеніп, әйелі көзіне шөп салды деген күдікпен дәруіштің киімін киіп, үйінен кетіп қалады кетеді. Байхатын (әйелдің есімі) күйеуінің оралуын ұзақ күтеді. Ол күйеуінің шөл далада кезіп жүруін жеңілдету үшін үлкен, әрі зәулім керуен сарай салуды бұйырады. Жұмысшылардың арасында әлемді аралап, туған жерлеріне оралған күйеуі де болған екен. Байхатын оны танығанмен, күйеуі бетперде артындағы әйелін танымайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол той өткізіп, онда күйеуінің қателескені туралы астарлап жеткізеді.  Аңыз ерлі-зайыптылардың татуласуымен аяқталады. Дая-хатын керуен сарайы бекіністің үлкен тікбұрышты ауласының  ортасында салынған. Археологиялық қазба жұмыстары бұл бекініс қабырғасы IX ғасырда Хорасан билеушісі Тахир ибн әл-Хусейн (776-822жж) салдырған Тахирия деп аталатын араб рабатының қирандылары екендігін анықтады. Мұны ортағасырлық авторлардың, атап айтқанда Әл-Истахри (X ғ.) және Якут (XIII ғ.) деректері де растайды. Архитектуралық құрылым мен  құрылыс материалдарын талдау нәтижесіне қарағанда, Дая-хатын керуен сарайы да сол кезде салынған, ал XI ғасырдың екінші жартысында оның сал балшықтыі қабырғалары күйдірілген кірпішпен қапталған. Керуен сарай XI-XII ғасырларда Селжүктер әулеті, XII ғасырдың аяғы – XIII ғасырдың басында Ануштегін хорезмшахтары, XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда, Темір әулеті және одан кейінгі кезеңдерінде қолданыста болды. Керуен сарай бірнеше рет  жөнделіп, қайта салынды. Кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының кезінде негізгі кіреберістің портал бөлігі өзгеріске ұшырады. Сол кезде кіреберістің бірнеше аркалары мен қабырғалары ауыстырылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жұмыстар XV ғасырдың екінші жартысында, Тимур әулетінің сұлтаны Хусейн Байқардың кезінде жүргізілген. Оның уәзірі, шығыс әдебиетінің классигі, әйгілі философ Әлішер Науаи көпірлер, жолдар, арықтар салуды, сондай-ақ ескі сауда жолдары мен жол бойындағы құрылыстардың күтімін қаржыландырды. Бірақ керуен сарайы тарихындағы ең жарқын кезең Селжүктермен байланысты. Дәл сол кезеңде Дая-хатын керуен сарайы сәулет туындысының сипатын айшықтайтын және оның басты ерекшелігі болып табылатын көркем келбетке ие болды. Түрікменстан аумағында сақталған керуен сарайлар арасында көркемдік жағынан теңдесі жоқ. Көрші елдердің өзінде Дая-Хатынмен қатар қоюға  болатын сол  дәуірдің екі ескерткіші бар. Оның бірі ‒ Самарқанд пен Бұқара арасында орналасқан Қарахандықтардың Рабат-и-Малик деп аталатын дала резиденциясы, ал екіншісі ‒ Мерв әміршісінің бұйрығымен салынған Серахс пен Нишапур арасындағы  Рабат-и-Шараф керуен сарайы. Жібек жолының тоқтауымен бірге Дая-Хатын керуен сарайы маңызын жоғалтып, қараусыз қалды. Осылайша ғажайып құрылыс тарих беттерінен ұмытыла бастады. Тек 1840 жылы Шығыс Үндістан компаниясының офицері Гераттан Хиуаға сапары кезінде бұл ғимараттарды қайта ашты. Ол керуен сарай туралы дерек қалдырған бірінші еуропалық болды. Ескерткішті алғаш рет 1920 жылдары Түрікменстан археологиясының негізін қалаған Александр Марущенко зерттеген. Дая-Хатынға алғашқы егжей-тегжейлі зерттеуді 1950 жылы сәулет тарихшысы Анна Прибыткова жүргізген. Кейінірек оның әріптесі Галина Пугаченкова Түрікменстан сәулет тарихындағы ең іргелі жұмысты жазып, Дая-Хатынға бірқатар зерттеулерін арнайды. Ескерткіш Ұлы Жібек жолының ең маңызды нысандарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылған.