Бакуде ТүркПА-ға мүше елдер әйел депутаттарының халықаралық конференциясы өтті

2019-06-19 13:23:36 3
Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі мен Түркітілдес мемлекеттердің парламентаралық  асамблеясы (ТүркПА) бірлесіп "Жалғастырылатын Даму мақсаттарына жетуде түркі әлемі әйелдерінің рөлі" деген тақырыпта халықаралық конференция ұйымдастырды. Koнференцияға Халықаралық Түркі академиясының өкілі қатысып, Академия президенті Дархан Қыдырәлінің қатысушыларға құттықтау хатын оқыды. Жиынға Милли Мәжіліс төрағасының орынбасары Бахар Мурадова, ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов пен БҰҰ-ның Әзербайжандағы Тұрақты үйлестірушісі Гулам Исхазаи және Түркия, Қазақстан, Қырғызстан делегациялары қатысты. Конференцияда Түркі тілдес елдердің интеграция жолындағы әйелдердің ролі мен олардың қызметі талқыланып, пікір алмасылды.