Академия басшысы көрнекті түрік ақыны Сезаи Каракочтың өмірден озуына байланысты көңіл айтты

2021-11-17 11:17:18 7

Көрнекті түрік ақыны, ойшыл, жазушы, қоғам қайраткері Сезаи Каракоч 88 жасында дүниеден өтті.

Осыған байланысты жеке өзімнің және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан ойшылдын отбасы мен жақындарының, достары мен әріптестерінің қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Әдебиеттегі «Қайта жаңғыру» ағымының негізін салушының дүниеден өтуі түрік поэзиясы мен әдебиеті үшін орны толмас қаза. 

Сезаи Каракоч сезім тербеген жырларымен елдің рухын жаңғыртқан жампоз шайыр болды. Өз шығармалырында ол түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы Юнус Эмрені мұраларын сабақтастырып, таныта білді.

Ұлы ақын және зиялы ұстаз Сезай Каракочтың жарқын есімі біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі қалады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті  Дархан Қыдырәлі