Академия басшысы Түрікменстан Елшісімен кездесті

2021-11-17 18:59:29 18

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Елші Батыр Реджепов Түркі Академиясы жүзеге асырып жатқан жобаларға ризашылығын білдіріп, ұйымның жұмыстарына табыс тіледі.

Кездесу соңында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Түркіменстан елшісіне алғыс айтып, ұйымның басып шығарған құнды ғылыми еңбектерін тарту етті.