«Елбасы – Түркі интеграциясының негiзiн калаушы» атты халықаралық ғылыми-практикалык онлайн конференциясын өтеді.

2021-11-18 10:29:58 56

Ертең, 19 қараша күні Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Елбасы – Түркі интеграциясының негiзiн калаушы» атты түркітілдес елдердің жac ғалымдарының халықаралық ғылыми-практикалык онлайн конференциясын өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына және 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Асқар Омаров, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Жанар Темірбекова, Түркияның белгілі саясаттанушысы Күршад Зорлу, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқару директорының орынбасары Әлкей Марғұлан қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар, онлайн форматта өтетін басқосуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Башқұртстан (Ресей) мен Татарстан (Ресей) елдерінің жас ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасайды.  

Конференция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:00 басталады.

Zoom ID: https://us02web.zoom.us/j/83643780134?pwd=MFpMbE50N0VNQ2hYUjRlWmxFNG9PZz09