Академия басшысы "Нұрсұлтан Назарбаев - Түркі дүниесінің ақсақалы" атты симпозиумға қатысты

2021-11-25 23:03:07 9

Бүгін Халықаралық Түркі  академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі «Türk ocakları» ұйымының ұйымдастыруымен  өткен «Нұрсұлтан Назарбаев — Түркі әлемінің ақсақалы» атты симпозиумға қатысты.

Алқалы жиын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті —  Елбасы Н.Назарбаевтың түркі әлемі ынтымақтастығын нығайтудағы зор еңбегі мен айрықша саяси рөліне арналды.

Онлайн форматта өткен жиынның ашылуына «Türk ocakları» ұйымының Ыстанбұл филиалының президенті Жезми Байрам, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Өз баяндамасында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Елбасының түркі мемлекеттерінің бауырластық қатынастарын артыруға  бағытталған маңызды қадамдарын айтып, тарихи бастамаларына тоқталды.

Бұдан кейін симпозиум түркі әлемінің бірқатар танымал ғалымдары мен саяси сарапшылары қатысқан төрт тақырыптық секцияға ұласты.