Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Жаңа жылдық құттықтауы

2021-12-31 22:46:32 21

Қадірлі достар!

Жаңа 2022 жыл баршаңызға құтты болсын!

Өтіп бара жатқан жыл түркі әлемі үшін тарихи кезең болды. Бауырлас елдер тәуелсіздігінің ордалы 30 жылдықтары аталып өтті. Түгел түркінің төрі – Түркістан қаласы рухани астана атанды. Ыстамбұл саммитінде Түркі мемлекеттері ұйымы құрылды. 

Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы жоспарлаған жұмыстарын нәтижелі қорытындылап отыр.

Алдағы жылы да Академия іргелі істер мен баянды бастамаларға көбірек көңіл бөлетін болады. Атап айтқанда, тұғырлы тұлғалар мен киелі жерлер бойынша жобалар жалғасады.

Баршаңызды жеке өзімнің және Түркі академиясы ұжымының атынан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Дархан Қыдырәлі,

Халықаралық Түркі академиясының президенті