Әзербайжанның белгілі қоғам қайраткері Рамиз Абуталыбов дүниеден озды

2022-01-02 22:38:44 26

Әзербайжанның белгілі қоғам қайраткері, зерттеуші, дипломат Рамиз Абуталыбов дүниеден озды.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

Ол 1993-2004 жылдары Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші-ЮНЕСКО бойынша ұлттық комиссияның бірінші бас хатшысы болды.

Рамиз Абуталыбов Әзербайжан Демократиялық Республикасы ыдырағаннан кейін қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және саяси қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп, шетелдерден мұрағат құжаттарын табуда ерекше рөл атқарды. Әзербайжан Демократиялық Республикасы туралы 12 кітаптың авторы.