Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Қазақстандағы жағдайға қатысты мәлімдемесі

2022-01-06 20:51:39 63

Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қарсы бағытталған басбұзарлық әрекеттерді үзілді-кесілді айыптайды.

Біз бейбіт азаматтарға және олардың өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын террордың барлық сипатын қатаң түрде айыптай отырып, мемлекеттіліктің іргесіне сына қағатын, елдікке залал тигізетін бұзақылық әрекеттерге түбегейлі қарсы екенімізді мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шешімдері мен жүргізіп жатқан анти-террорлық операциясына толықтай қолдау білдіреміз.

Осы сын сағатта бүкіл қоғамның ауызбіршілігін сақтауы және әрбір азаматтың ел билігін қолдауы қажет деп ойлаймыз.

Қазақстандағы тұрақтылықтың тезірек қалпына келуі тамырлас, бауырлас түркі елдері де үшін аса маңызды.

Сондықтан күрмеуі қиын күрделі кезеңде Қазақ еліндегі әлеуметтік-саяси жағдайдың тез арада тұрақтануын тілейміз.

Дархан Қыдырәлі, 
Халықаралық Түркі академиясының президенті