Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

2022-01-10 11:13:32 27

Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда  Жалпыұлттық аза тұту күні.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады.

Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.