Академия басшысы Дархан Қыдырәлі көңіл айтты

2022-01-16 07:33:31 18

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстанда жыл басында орын алған қайғылы оқиға байланысты көңіл айтты.

Қаралы қаңтарда” 225 адам опат болыпты. 4353 адам жараланған. Бұлардың арасында тәртіп сақшылары да, қарулы шабуылды ұйымдастырған қанды қол қарақшы да, қаңғыған оқ тиіп қыршыннан қиылған қарапайым тұрғын да бар. Өкінішті. Ауыр қайғы.

Қаза тапқандардың имандары жолдас болсын. Туыстарына көңіл айтамын. Жаралылардың тез сауығып кетуін тілеймін!

Еліміз енді мұндай қайғыны көрмесін!”, - деп жазды Академия басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар кезінде 225 адам қаза тауып, 4353 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Жарақаттанғандардың ішінде 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері.