Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Түркия Республикасының Вице-Президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
«Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», — деді Ә. Смайылов. Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі.
Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.