Өзбекстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөздер жүргізді

2022-03-30 09:39:49 75

29 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Өзбекстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Куксарой резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шағын құрамдағы келіссөздері өтті.

Екі ел басшылары өзара сыйластық, достық және сенімге негізделген көп қырлы өзбек-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарының деңгейін көтеру, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелеріне басты назар аударылды.

Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейту екенін атап өтті.