Академия басшысы көрнекті шығыстанушы Әбсаттар Дербісәліні еске алуға арналған іс-шараға қатысты

2022-05-07 21:49:50 16

 

Бүгін Алматы қаласында өткен шығыстанушы-ғалым, ҚР ҰҒА академигі, ардақты ұстаз, көрнекті қоғам қайраткері Әбсаттар қажы Дербісәліні еске алуға арналған іс-шараға өтті.

 Тағылымды шара барысында Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Забытые мыслители великой степи» атты жаңа кітабы таныстырылды. Іргелі еңбекке ғалымның өзі көзі тірісінде Ұлы Даланың есімдері белгісіз болып келген ғұламаларын әлем кітапханаларынан тауып, зерттеп-зерделеген ізденістері енген. Атап айтқанда, Хусамад-дин ас-Сығанаки, Низам ад-дин ас-Сайрами, Жамал Қарши, Әбу-Қасым әз-Замахшари сияқты тұлғалардың бейнесі жаңғыртылған.


Басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіні ректоры Жансейіт Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, ғалымның әріптестері мен шәкірттері, туыстары мен жақындары қатысты.