Академия басшысы ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысымен кездесті

2022-05-14 00:00:21 47

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан  Қыдырәлі  Түркия Республикасына сапары аясында ТҮРКСОЙ ұйымының  таяуда тағайындалған Бас хатшысы Султан Раевпен кездесті.

Академия басшысы, әріптесі С. Раевты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында тараптар екі ұйымның күн тәртібіндегі маңызды жобаларды талқылап, бірлескен іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.