Академия басшысы Бурса қаласының мэрімен кездесті

2022-05-14 09:39:55 10

Халықаралық Түркі академиясы Бурса қаласының мэрі Алинур Акташпен кездесті.

Кездесуде тараптар “Бурса - түркі әлемінің астанасы” жобасы аясында бірлесіп атқаратын шаралар туралы пікір алмасып, “Орхондан Орхан ғазиға дейін” ғылыми жобасы жайын талқылады.

Кездесу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәлі ортақ жобалар мен бастамаларға қолдау білдірген қала әкімі А. Акташқа  ризашылығын білдірді.